Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сиднейдегі сауда орталықтарының бірінде бес адам қаза тапты

17:33, 13 сәуір 2024 379

Қаруланған содыр Сиднейдегі сауда орталығында жүрген адамдарға шабуыл жасады. Қазіргі уақытта бес адам қайтыс болғаны хабарланды, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы. 

Оқыс жағлай Синдейдің Вестфилд сауда орталығында болды, деп хабарлайды The Guardian.

Ер адам пышақ алып, орталықта жүрген адамдарға шабуыл жасаған. Салдарынан бес адам қайтыс болды, бірақ олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екені айтылады. Куәгерлердің айтуынша, жараланғандардың арасында бала да бар.

Адамдарға шабуыл жасаған содырға қатысты ақпарат анықталып жатыр. Оны ойран салғаннан кейін оны атып өлтірген.Сауда орталығынан адамдар эвакуацияланады, билік жергілікті тұрғындарды шабуыл болған жерден аулақ болуға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар