Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суицид жасамақ болған: Студенттерді соққыға жығып, ақша сұрап қорлағандарға қандай жаза тағайындалмақ?

09:42, 09 шілде 2024 473

Студенттерді қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігі топтық бопсалау қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Әсіресе, жастар арасындағы пайдакүнемдік пиғылмен ғана емес, сонымен қатар ерекше дөрекілікпен, менмендікпен жасалатын, кейде қоғамдық резонанс тудыратын жағдайлар ерекше бақылауда екенін мәлімдеді. 

“Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық деректері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды”, – деліген хабарламада.

Павлодар облысының полиция департаменті мамыр айында өзгелерді бопсалап, ақша алған тағы бір ұйымдасқан топты әшкереледі. Топ мүшелерінің осындай 10 дерекке қатысы бары анықталды. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 миллион теңгеге дейін алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

Салдарынан қорлық пен соққыға шыдамаған 22 жастағы жәбірленуші өзін-өзі өлтірмек болған.

“Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар