Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Түркістанда 27 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді

15:37, 08 тамыз 2024 1028

Түркістандық Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Осылайша Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты.

27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды.

Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін білдірді.

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі −1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойыпты.

Дәрігерлердің айтуынша алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған.

«Бұл үшемдердің туылған кезде жағдайлары ауыр болды. Аппаратта болды. Алғашқы күндері нәрестелер жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылауда болды. Тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің көмектеріне байланысты бұл үшемдердің жағдайлары жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр», – дейді дәрігер-неонатолог Таугүл Байдуллақызы. Үшемдердің анасы барлығы жақсы қарап көмектескенін айтып, ақ халатты абзал жандарға алғысын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар