Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Елтаңба өзгермейтін болды

11:49, 04 шілде 2024 455

Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны ауыстыру туралы мәселе әзір қаралмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Мәселе күн тәртібінен шығарылды, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің Елтаңбаның өзгеруін талқылау процесі туралы ресми өтінішіне берген жауабында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен болатын.

“Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек” деген сол кезде президент.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?