Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Жамбылда жанармай бекетінде мотоциклшіні пышақтап кетті (ВИДЕО)

16:31, 14 сәуір 2025 376

Жамбыл облысында мотоциклшіні жанармай бекетінде пышақтап кетті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, оқиға өткен демалыста Шымкентте өткен мотомаусымның ашылуынан кейін қайтып келе жатқанда болған.

 Мотоциклші жанармай құю үшін Мерке ауданындағы бекетке тоқтаған.

Сол жерде белгісіз біреу оны екі рет пышақтап, отбасымен бірге минивэнге мініп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қуанышқа қарай, жедел жәрдем жедел жетіп, жараланған адамды Меркедегі ауруханаға жеткізді. Қақтығысқа бекет кассасының жанында болған жанжал себеп болуы мүмкін.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар