Ташкентте балабақша тәрбиешісінің көмекшісі баланың аяғын сындырды. Бұл туралы CMN.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Оқиға Ташкенттегі жеке балабақшалардың бірінде орын алған. Балабақшада тәрбиешінің көмекшісі баланы тыныштандырмақ болып, оны қолынан қатты ұстап, бетінен ұрып, аяғын сындырған.
Kun.uz хабарлауынша, әлеуметтік желіде әйелдің баланы қолынан тартып, бетінен ұрып, оны ұйықтайтын бөлмеге сүйреген видеосы тараған. Сол бөлмеде баланың аяғы сынғаны белгілі болды.
«Нәтижесінде баланың сол аяғы сынған. Оны ауруханаға жеткізіп, қажетті медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады қалалық мектепке дейінгі және мектептік білім басқармасы.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеу жүргізуде. Бала үйінде ем қабылдауда, аяғына жамбасына дейін гипс салынған.