Астанада шілденің 6-сынан 7-сіне қараған түні тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Қала тұрғынының айтуынша, қыз өз сүйіктісінен таяқ жеп, кейін жалаңаш күйінде подъезге тасталған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп жазады Alash.kz.
Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, жанжал достарының тойында басталған. Кикбоксинг жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін жігіт қыздың шылым шеккеніне ашуланып, оны үстел басында жалғыз қалдырғаны үшін айыптаған. Кейін екеуі көлікпен үйге оралғанда жанжал жалғасып, жігіт қызды күштеп үйге кіргізіп, үй ішінде қол көтерген.
Түнде жігіт анасына ертіп келіп, ұйықтап жатқан қызға дауыс көтерген. Анасының балаға араша түсу әрекеті кезінде ол қызды ішінен тепкен. Ал жігіттің өзі қыздың мойнын қысып, дене жарақаттарын салған. Салдарынан қыздың киімі жыртылып, іш киімімен бірге кіреберіске шығарылған.
Қыз көршілерінен көмек сұрап, полиция шақыруға тырысқан. Кейінірек ол әпкесінің үйіне барып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның бойынан ми шайқалуын, денедегі көгерулер мен гематомаларды анықтаған.
Қазір бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, полицияға ресми арыз жазылған. Жәбірленуші бұған дейін де бірнеше рет физикалық қысым көргенін айтып отыр.