Бүгін, 17 тамызда Ақмола облысында жеңіл моторлы Aerostar R40F UP-LA229 әуе кемесі құлады. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, ұшақ жалпы мақсаттағы авиация шеңберінде әуеге көтерілген. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, Көлік министрлігінің апаттарды тергейтін департамент мамандары апат орнына аттанды.
Сонымен қатар журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазғандай, оқиғаға куә болғандар қаза тапқандардың жеке ұшақ иесі мен онымен бірге болған әйел екенін хабарлаған.