Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Ақтауда әйел адам 8-қабаттан секіріп, қоқыс жәшігіне баспен түсіп мерт болды (ВИДЕО)

16:31, 30 шілде 2025 561

Ақтаудың 27-шағынауданында қайғылы оқиға орын алды. Әйел адам 8-қабаттан секіріп, қоқыс жәшігіне құлап, мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz.

№4 үйдің жанында болған оқиғаға куә болған тұрғындар 29 шілде күні кешкі сағат 19:00 шамасында қатты соққының дауысын естігендерін айтады. Кейін тоғыз қабатты үйдің кіреберісінде тұрған қоқыс контейнерінен әйел адамның денесі табылған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмның үстінде қара түсті колготки мен қою көк түсті көйлек болған. Осыған байланысты тұрғындар оның құқық қорғау органдары немесе мемлекеттік мекеменің қызметкері болуы мүмкін деген болжам жасауда. Алайда бұл ақпарат әзірге расталған жоқ, тиісті органдар анықтап жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ресми мәлімдемесі күтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар