Қызылордада 12 донордың қаны құйылған әйел ВИЧ жұқтырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге донорлардан қан құйылған.
Салдарынан бір айдан соң АИТВ диагнозы қойылған.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәліметінше, науқас былтыр 22 қыркүйекте сағат 17:55-те перинаталдық орталыққа жүктіліктің 40-аптасында жеткізілген.
"2024 жылдың 23 қыркүйегінде ұл бала босанған. Сол күні сағат 04:25-06:00 аралығында жатырдан қан кетуіне байланысты лапаротомия әдісімен бірінші ота жасалған. Тағы сол күні 17:00-19:05 аралығында қайтадан жатырдан қан кетуіне байланысты екінші ота жасалған. 23 қыркүйек пен 16 қазан аралығында облыстық перинаталдық орталықта емін алған", – делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдед. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шара қабылданады.
Ал полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.