Астанада Джей Лоның концерті кезінде бірнеше бала жоғалып кетті, деп жазады Alash.KZ.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, концерт өткен жерде Астана полиция департаментінің мобильді жедел штабы жұмыс істеген.
– Концерт кезінде жоғалған балалар мен заттар туралы бірнеше өтініш келіп түсті. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында барлық бала табылып, ата-анасымен қауышты. Жоғалған заттар иелеріне жеткізілді, – делінген хабарламада.
Шетелдік қонақтарға туристік полиция қызметкерлері көмек көрсетті.
Қоғамдық тәртіпті патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция мен жол-патрульдік қызмет қызметкерлері қамтамасыз етті. Олар жол қозғалысын реттеп, жол-көлік оқиғаларының алдын алды.
Ол аздай, Джей Ло концертінде адамдар қысылып, әйелдер жанжалдасып қалды.