Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұлтанмахмұт Торайғыров: Халім осы. Сонда да қайырмаймын, бір тиыным қалғанша оқимын. Тұрмыс қандай жүк салса да көтерем

21:26, 22 тамыз 2024 787

Мен өзім жұмасында екі ғана обед етем (ет татам), құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мәртебе болсын, барғаным жоқ.

Күні-түні айналдырғаным ала қағаздың беті. Әбубәкірдегіден басқа бір тиыным ақымақтық жолға кеткен жоқ. Он хат жаздым, Әбубәкірден әлі жауап жоқ. Мына шошқалыққа не жаным шыдар! Өз обалым өзіме. Мен оған шәкірттікті басынан кешкен деп, жұрттың бәрін сендей көріп сендім. «Қазаққа» бұл туралы жаздым, не өнеді... ? 25 сомды артымнан жіберетін болған соң, үйдің кезіндегі бір зәру жұмысына қалдырып едім. Неше хат жаздым, хабар жоқ. Әкем менен малын неге аясын. Бірақ ел болып қорқып, «атты алады, малды талайды» деп, қалаға қатынаспай жатыр ғой деп ойлаймын.

Халім осы. Сонда да қайырмаймын, бір тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң, тұрмыс қандай жүк салса да көтерем. Бірақ көңілім оқуда болмақ.

Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ, 

"Тарбағатайға хат" мақаласынан

1916 жыл, Томск қаласы.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар