Қазақстандық биатлоншы Никита Акимов Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп мәлімдейді Alash.KZ ұлттық порталы.
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан универсиадада Никита Акимов ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт бойынша додаға түсіп, үздік атанды.
Мәреге екінші болып швед Кнут Векстрем жетсе, үшінші орынды украиналық Богдан Борковский иеленді.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының еншісіндегі үшінші алтын медаль. Бұған дейін могулшы Анастасия Городко Универсиадада екі рет жеңімпаз атанып, ел қоржынына екі алтын медаль салған болатын.