Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Темірлан Анарбеков туралы Еуропадан жағымды жаңалық жетті (ФОТО)

16:38, 30 қаңтар 2026

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Alash.kz. 

22 жастағы отандық футболшы сейв жасау көрсеткіші бойынша ең үздік үш голкипердің қатарынан көрінді. 2025 жылғы Отандық лиганың үздігі атанған Анарбеков ЧЛ кезінде грекиялық «Олимпиакос» клубымен ойында MVP жеңіп, жаңа тарих жасаған еді.

УЕФА таратқан ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, Анарбеков топтық кезеңдегі 6 кездесуде қарсыластардың 26 соққысына тосқауыл қойған. Бұл нәтиже арқылы ол марсельдік «Олимпиктің» қақпашысы Херонимо Рульимен бірдей көрсеткішке ие болды.

Турнирдің ең үздік қақпашыларының тізімі келесідей қалыптасты. Үздіктер тізімінің көшін Никита Хайкин бастап тұр. Екінші орынға мадридтік «Реалдың» беделді ойыншысы Тибо Куртуа жайғасты. Ал үшінші орынды қазақстандық Темірлан Анарбеков пен Херонимо Рульи өзара бөлісті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар