Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Қазақ қызы Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы атанды

10:27, 03 қараша 2024 1208

17 жастағы жас спортшы Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл қуанышты жаңалықты Жібек өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

28 қазан-4 қараша күндері Грекияның Ираклион қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік чемпионатта Жібек Құлымбетова Ju-jitsu newaza бөлімі бойынша үздік атанды. 

Әлемнің 56 елінен 2031 спортшы күш сынасқан бұл додада қазақ қызы Грекия, Израиль, Франция, БАӘ, Моңғолия сынды елдерден келген мықты қарсыластарынан басым түсіп, өз салмағында ешкімге дес бермей, теңдессіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар