Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҮЙІНШІ: Қазақ футболшысы әлемдегі ең қымбат үш ойыншының қатарына енді

22:44, 19 маусым 2025 170

Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Дастан Сатпаев 17 жасқа толмаған футболшылар арасында әлемдегі ең қымбат үш ойыншының қатарына енді, деп хабарлайды ALASH.KZ Qazaq Today ақпарат порталына сілтеп.

Transfermarkt сайты футболдағы жас ойыншылардың нарықтағы бағасын қайта жаңартты.

Жаңа рейтингке сәйкес, Сатпаев 17 жасқа дейінгі еңқымбат 100 футболшының тізіміне енген жалғыз қазақстандық спортшы атанды.

Қазіргі таңда Дастанның трансферлік құны 1,8 миллион еуро деп бағаланған.

Айта кетейік, осы жас шектеуіндегі ойыншылар арасында отандасымыздан жоғары тек екі футболшы бар, олар мексикалық Хильберто Мора («Тихуана» — 3 миллион еуро) және бельгиялық Натан Де Кат («Андерлехт» — 2,5 миллион еуро).

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар