Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Қарағанды жұрты халық әртісі Қайрат Байбосыновқа пәтер кілтін табыстады (ФОТО)

19:30, 10 қазан 2025 369

Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосыновтың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Alash.kz.


Халық әртісінің мерейлі кешіне өнер сүйген қауым мен ел ағалары жер-жерден жиылды. Тойдың тобықтай сыйлығы Қарағанды облысы әкімінің халық атынан табыстаған пәтері болды.
Асыл өнерді келер ұрпаққа дәріптеген Қайрат Байбосыновтың туған күні туралы Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбай Facebook парақшасында сүйіншілей жазды. 

Іс-шара Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

Мерейтой иесін Қарағанды облысының әкімі Е.Бөлекбаев құттықтап, қазақ өнерінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылығын білдіріп Қарағанды қаласынан пәтер сыйлады.

Мерейтой кешінде төл шәкірттері – Қазақстанның халық әртістері, еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері қатысты. Сахнада Қайрат Байбосыновтың өнер жолындағы әріптестері мен ізбасарлары сүйікті ұстаздарына арналған әндер мен шығармаларын орындап, жылы естеліктерімен бөлісті.
Бұл кеш көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, қазақ ән өнерінің биік мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар