Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Президент ЛГБТ және педофилияны дәріптеуге тыйым салатын заңнамаға қол қойды

18:06, 30 желтоқсан 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда ЛГБТ насихаты мен педофилияны дәріптеуге тыйым салуды қарастыратын заңнамалық түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қабылданған құжатқа сәйкес, жаңа нормалар тек жария үндеулер мен насихат сипатындағы әрекеттерге ғана қолданылады. Ал азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауы және жыныстық бағдарды таңдағаны үшін жауапкершілікке тартпау қағидаты заңмен қорғалады.

Жаңа заңнама аясында аталған бағыттарды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілік тетіктері бекітілді. Алғаш рет заң бұзған тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 40 АЕК-ке (157 280 теңге) дейін ұлғайтылады немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау жазасы қолданылады.

Бұл өзгерістер қоғамдық орындардағы насихат жұмыстарын шектеуге бағытталған және заң нормалары тек ашық түрдегі насихат әрекеттеріне қатысты орындалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар