Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші жаңалық! Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады

15:58, 07 қараша 2025 163

Қазақстандық дзюдошы, әйелдер құрамасының үздігі Абиба Әбужақынова халықаралық рейтингте өз салмағы бойынша  үздік атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы 4596 ұпай жинап, әлемнің ең мықты дзюдошыларының тізімінде бірінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, биыл маусым айында Будапештте өткен әлем чемпионатында Абиба финалға дейін жетіп, күміс медаль жеңіп алған болатын. Осы жетістігі арқылы ол әлем чемпионатының финалына шыққан тұңғыш қазақ қызы ретінде тарихқа енді.

Жыл соңына дейін спортшы Абу-Даби және Токио қалаларында өтетін Гранд Слэм турнирлерінде бақ сынауы мүмкін.

Сондай-ақ, осы салмақтағы тағы бір қазақстандық спортшы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте 25-сатыда тұр. Париж Олимпиадасының қатысушысы Есмігүл Қуюлова 63 келіге дейінгі салмақта 908 ұпаймен 49-орынға тұрақтаған. Ал аса ауыр салмақта күресетін Назгүл Маратова 45-орында.

Ерлер құрамасында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 16-орында, Ғұсман Қырғызбаев — 14-сатыда. 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар 13-орында болса, -100 келі санатында Шархан Нұрлыхан 30-сатыда. Аса ауыр салмақта ел намысын қорғап жүрген Ерасыл Қажыбаев 21-орынға ие.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар