Танымал балуан Жәмилә Бақбергенова Ресейде өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Қуанышты жаңалықты Қазақстан Күрес федерациясы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль олжалады.
2026 жылдың алғашқы ресми бәсекесінде 72 келі салмақ дәрежесінде Жәмилә Бақбергенова қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
Ал 55 келі салмақ дәрежесінде — Лаура Алмағанбетова мен 59 келіде Виктория Хусаинова күміс жүлдегер атанды.