Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Хабарлама келген. Менің қолым босамайды" деген: Атыраудағы традегия жайлы жаңа дерек шықты (ВИДЕО)

12:36, 02 ақпан 2026

Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткен отбасы әлі де іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Жанат Молдашова Алаш Орда YouTube-арнасына берген сұхбатында Наурыз есімді жігіт туралы тың дерек айтты.

"Наурыздың телефонымен жазып отырған адамның әзірге кім екенін білмейміз. Тек қана жазып қана сөйлесіп отырған. Сол кезде жаңа сатқан малдарды "өздерің қалаған бағаға ала беріңдер" деп жазған көрінеді. Ондай да бар. Қарашаның екісі күні келген қыз бен күйеу бала бесі күні кеткен деген де ақпарат бар. Тіпті көршісіне қарашаның алтысы күні Наурыздың атынан "малдарыма қарай тұршы" деген хабарлама келген. Сосын көршісі "басқа адамға тапсыр, менің қолым босамайды" деген. Сосын марқұм Мақсот ағамыздың банк картасынан көршіге 10 мың теңге аударып жібереді. "Қой, көрші болып ұят болады" деп көршісі кері аударып жіберген", – деді Жанат Молдашова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар