Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізудің не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Оның айтуынша, Украина мен Ресейдің көзқарасы түбегейлі өзгеше болып отырған аумақтық мәселелерді тек техникалық деңгейдегі келіссөздер арқылы шешу мүмкін емес.
Бұл туралы Зеленский Чехия радиосына берген сұхбатында мәлімдеді.
Украина президентінің сөзінше, аумақтық мәселелер бойынша келісімге келу үшін мемлекет басшылары деңгейінде тікелей диалог қажет. Ол Украина Ресей мен АҚШ-тың қатысуымен өтетін келіссөздерге ашық екенін атап өтіп, сонымен қатар Еуропа да келіссөздердің негізгі кезеңдеріне қатысуы тиіс екенін айтты.
«Мемлекет басшылары деңгейіндегі тікелей байланыссыз аумақтық мәселелер бойынша келісімге келу мүмкін емес», — деді Владимир Зеленский.
Сондай-ақ ол Украина АҚШ пен Еуропадан қауіпсіздік кепілдіктерін күтетінін, әрі Еуропалық одаққа мүшелікке қатысты ілгерілеуге үміт артатынын жеткізді. Зеленскийдің айтуынша, бұл мәселелер соғысты тоқтатуға бағытталған кең ауқымды 20 тармақтан тұратын жоспардың бір бөлігі болып табылады. Аталған жоспарға сонымен қатар елді қалпына келтіруге арналған ірі реконструкция пакеті де кіреді.