Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тым көп сынақты бастан өткіздің…”: Жаңаөзенде кісі қолынан қаза тапқан марқұм дәрігердің қарындасы жазба жариялады

11:31, 02 ақпан 2026

Жаңаөзен қаласында аурухана дәлізінде кісі қолынан қаза тапқан 29 жастағы терапевт-дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевтің қарындасы Меруерт Жамбылқызы марқұм ағасын есіне алып, желіде жан тебірентерлік жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлтық порталы.

"Тым көп сынақты бастан өткіздің, қарап отырсам той да көрмепсің. Сондағы ақкөңіл жүрегіңнің бәріне деген көмегіңнен босамадың-ау… Бірге қыдырып үлгермедік. Өзіңді кішкене болсын ойламадың ғой. Балам, отбасым деп жүріп, сондай зұлымдарға тап болғаның-ай! Сенің мейіріміңді пайдаланып істеп отырған істерін ешқашан кешірмейміз! Барлығын! Қош бол ағам, жаның жәннатта болсын", – деп жазды қарындасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар