Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шетелдіктерге жер сатылады". Конституция жобасына қатысты хабар таратқан алматылық жауапқа тартылды

17:02, 01 ақпан 2026

Алматы қаласының тұрғыны жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Полицияның мәліметінше, азамат әлеуметтік желілерде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген мазмұндағы ақпарат жариялаған. Алайда құқық қорғау органдары бұл деректің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жер мәселесіне қатысты ережелер өзгермеген және қолданыстағы заң нормаларымен толық сәйкес келеді.

Аудандық әкімшілік сот азаматты кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86,5 мың теңге айыппұл салды.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпаратты жариялау және тарату заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар