Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еңбекақымызды бермей жүр". Сәкен Майғазиев туралы тағы бір сұмдық дерек айтылды

18:01, 01 ақпан 2026

Әнші Сәкен Майғазиевке қатысты әлеуметтік желілерде кезекті дау туындады. Бұл жолы әнші еңбек ақымызды бермеді деп айыпталып отыр. Бұл туралы  Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.

Түркістан қаласының тұрғыны Дариға Жолдас Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, Майғазиевтер әулетінің атынан ашылған SMart мектебі күйеуінің еңбекақысын төлемей жүргенін мәлімдеген. Оның айтуынша, жұбайы аталған білім беру мекемесінде үш ай жұмыс істегенімен, жалақысын ала алмаған.

Жазбада келіншек күйеуінің жұмыстан кеткісі келгенімен, жалақысы берілмей қалуы мүмкін деген қауіппен біраз уақыт жұмысын жалғастырғанын айтқан. Сонымен қатар, жұмысқа қажет болғандықтан кредитке ноутбук алғанын, кейін оны төлей алмай, қосымша қарызға батуға мәжбүр болғанын жеткізген. Кейін отбасылық жағдайына байланысты күйеуі басқа жұмысқа ауысқан.

Дариға Жолдастың жазуынша, еңбекақы мәселесі бойынша Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділетке бірнеше рет хабарласқан. Алайда «береміз» деген уәделер айтылғанымен, мәселе екі жылдан астам уақыт бойы шешілмеген.

Аталған жазба жарияланғаннан кейін Сәкен Майғазиев пен оның ұлы Әділет Дариға Жолдаспен байланысқа шығып, жазбаны алып тастауды сұраған және еңбекақыны 25 ақпанға дейін беруге уәде еткен.

Соған қарамастан, Threads желісіндегі қолданушылар бұл уәделерге күмәнмен қарап, Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желідегі жазбаларының астына еңбек ақыны қайтаруды талап еткен пікірлер қалдыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар