Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! “Халықаралық бокс федерациясының су жаңа президенті” Геннадий Головкин жаңа қызметке бекітілді

20:29, 21 қараша 2025 379

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының жаңа президенті болып бекітілетіні ресми түрде хабарланды, деп жазады Alash.kz.

Аты аңызға айналған боксшы 2025 жылғы 23 қарашада Рим қаласында өтетін Конгрессте өз өкілеттігін бастайды.

World Boxing таратқан мәліметке сәйкес, Тәуелсіз біліктілік комиссиясының тексеруі нәтижесінде Головкин ұйым президенті лауазымына жалғыз кандидат ретінде тіркелген. Жарғы нормаларына сай, бір ғана үміткер ұсынылған жағдайда оның тағайындалуы аккламация тәртібімен делегаттардың бірауыздан қолдау көрсетуі арқылы жүзеге асады.

World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуір айында бокстың Олимпиада қозғалысындағы орнын сақтау мақсатында құрылған. 2025 жылдың ақпанында Халықаралық олимпиада комитеті ұйымға уақытша тану беріп, қазіргі уақытта әлемдік олимпиялық боксты басқару құрылымын қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Геннадий Головкин – Қазақстанның танымал спортшысы, кәсібқой бокста әлемнің бірнеше категория бойынша чемпион атанған. Ол 1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Афины-2004 Олимпиадасының күміс жүлдегері және WBA, WBC, IBF, IBO нұсқалары бойынша орта салмақта бірнеше мәрте әлем чемпионы болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар