Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші хабар: Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

13:43, 10 мамыр 2025 106

Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл жайлы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі сүйіншілетті.

Жұптасып байдаркада 500 метрге жарыста Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова мәреге бірінші келді. Одан кейінгі сатыға Қытай (Хуан Цзеи, Ден Меи) мен Жапония спортшылары жайғасты. 

Тәжірибелі Ольга мен Ирина ұзақ жылдан бері Ұлттық құрама сапында. Азия чемпионатына 2007-2009 жылдан бері қатысып, бірнеше мәрте чемпион атанған. 

Айта кетерлігі, мұнда қытайлық спортшы Хуан Цзеи Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы (Инчхон, Джакарта) және жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Қазір Қазақстан командасында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль болды. Қалған қашықтықтарда финал кешке дейін жалғасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар