Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Еліміздің дарынды оқушылары халықаралық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

09:00, 02 желтоқсан 2025 69

Сочиде өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қазақстан құрамасы алты оқушыдан және үш жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

  • Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;
  • Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;
  • Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

  • Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар