Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның Халық әртісі атағы берілді

08:59, 23 шілде 2025 141

Әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның Халық әртісі атағы берілді. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Akipress.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атақты марапаттау рәсімі "Мейкин Азия" фестивалінің жабылу салтанатында өткен. Тиісті жарлыққа Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қол қойған.

Марапатты Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыс етті.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген фестиваль қонақтарының алдында концерттік бағдарламасымен өнер көрсеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар