Кәсіпкер Дана Қарағұсова Қазақстан тарихында алғаш болып ғарышқа көтерілген әйел атанды. Ол американдық Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен суборбиталық ұшуға қатысты, деп хабарлайды Alash.kz.
Қарағұсова ұшуға қатысқан халықаралық экипаж құрамында болды. Онымен бірге бортта америкалық бизнесмен Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартап негізін қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жарияламаған тағы бір жолаушы болды.
Зымыран Астана уақытымен 18:40-та Батыс Техастағы ғарыш айлағынан ұшты. Ұшу шамамен 10-12 минутқа созылып, кеме 100 километр биіктікке дейін көтерілді – бұл ғарыштың шартты шекарасы болып саналады.
Айта кетейік, Blue Origin компаниясы туристік ғарыш сапарларын ұйымдастырып келеді және бұл оның 36-шы суборбиталық миссиясы болды.