Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйіктісінің ата-анасын балталап өлтіріп, қызды кепілге алған ер адам өмір бойына сотталды

19:00, 03 шілде 2025 159

Ақтөбеде сүйіктісінің 66 және 74 жастағы ата-анасын пышақтап, балталап өлтіріп, жертөлеге лақтырған сотталушыға үкім шықты, деп жазады Alash.KZ. 

38 жастағы Сәрсенбек Басановқа 3 бап бойынша айып тағылған. Оның кінәлі екені дәлелденді. Енді ол өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізеді.


Сондай-ақ жәбірленуші Элеонора Әлиге 7 353 500 теңге материалдық, 20 миллион теңге моральдық шығынды өтейді.

Үкімді естіген жәбірленушілер жылап қалды. Олар "ату жазасы болса, сұрар едік" дейді.

Айта кетейік, оқиға биыл 13 қаңтарда болған. Полиция үш сағаттық келіссөзден кейін үйге басып кіріп күдіктіні ұстаған. Сосын сарай жертөлесінен жәбірленушінің 74 жастағы өгей әкесі мен 66 жастағы анасын тапқан. Қарт кісілердің бірі тасымалдау кезінде, екіншісі ота үстелінде көз жұмған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар