Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін зорлаған”. Шымкенттегі қанды қылмыс жайлы сұмдық дерек шықты

17:46, 10 шілде 2025 801

Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кісі өлтіру және қылмысты жасыру деректері бойынша екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 12 наурызында ер адам таныс әйелін жанжал кезінде өлтіріп, кейін оның денесін қорлаған.

Осыдан кейін ол жасөспірім танысынан мәйітті жасыруға көмектесуін сұраған. Екеуі бірге марқұмның денесін басқа жерге апарып тастаған.

Cот үкімі бойынша Т. есімді азамат ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы («Адам өлтіру») және 314-баптың 1-бөлігі («Мәйітті қорлау») бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазаны ауырлататын жағдайлар анықталмаған. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас жігіттің кінәсін ішінара мойындауы, бұрын сотталмағаны және 19 жаста екені ескерілген.

Мәйітті жасырған жасөспірімге қатысты 2 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Амнистия актісіне сәйкес жаза 1 жыл 4 айға дейін қысқартылды.

Жасөспірімнің кінәсін толық мойындағаны, өкінгені, кәмелет жасқа толмағаны және 3-топ мүгедектігі – жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылды.

Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар