Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйектері сынып, маңдайында гематома бар: Өгей әкесі ұрып тастаған 2 жастағы қыз туралы сұмдық ақпарат шықты

18:20, 21 қаңтар 2025 405

Павлодар облысында дәрігерлер екі жасар қыздың қос жақтауының сынғанын және маңдайында гематома бар екенін анықтады, деп хабарлайды Alash.kz.

Облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінің дәрігері Сергей Самецтің айтуынша, қыздың анасы баласының ауырсынудан иығын қозғалта алмағанын байқап, травмпунктке жүгінген.

Рентген нәтижесінде сүйектерінің сынғаны және маңдайындағы гематоманың ізі көрінген.

Травматологтың айтуынша, анасы қыздың екі күн бұрын төсектен құлағанын айтқан.

«Кішкентай балаларда жарақаттар жиі болады – олар жүре бастағанда құлап, бір жерге соғылады, сондықтан денесінде гематомалар пайда болуы мүмкін. Ананың айтуынша, бала төсектен құлап қалған, содан бері осындай шағымдар туындаған. Қыз әлі сөйлей алмайды, тексеру кезінде жылады. Иық буындарын қозғалтуда шектеу және ауырсыну бар», – деді травматолог.

Алайда, алғашқы тексеруден кейін әйел ауруханаға қайта оралып, дене жарақатын тіркеуді сұраған.

Қызға жарақат салды деген күдік бойынша әйелмен бірге тұратын серігі ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар