Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Су толған шұңқырдан табылды»: Көкшетауда жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі шығарылды

11:30, 13 қазан 2026

Көкшетауда құрылыс жүріп жатқан аумақта жоғалып кеткен төрт жасар баланың мәйіті суға толған шұңқырдан табылып, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл сұмдық оқиға күндіз орын алған. Кішкентай Алан кешкі сағат бестер шамасында анасының жұмыс орнынан белгісіз бағытқа шығып кетеді. Ғимараттың әр бұрышын сүзіп шыққан анасы бірден көмек шақырады. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен еріктілер бүлдіршін ойнап жүріп ұйықтап қалған шығар деген үмітте болған еді. Алайда бейнебақылау камералары баланың көшеге шығып, көршілес құрылыс алаңына қарай бет алғанын таспалап үлгерген.

Қараңғы түскендіктен, септикке арналған мұздай суға толған шұңқыр кәдімгі шалшық сияқты көрінген. Іздестіруге қатысқан ерікті Оксана Даронина:

«Біз еріктілермен бірге сол жерден бірнеше рет өттік. Еріктілеріміздің бірі тіпті шұңқырға құлап кете жаздады. Бірақ баланың оған құлап кетуі мүмкін деген ой ешқайсымызға келмеді», — деп сол сәттегі жағдайды сипаттады.

Қайғылы жағдайдың өзге де мән-жайы туралы Ақмола облыстық полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Әбдірахманова:

«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп ресми мәлімдеме жасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар