Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқынында "Ханторы" атты сәйгүлігін құтқармақ болған бала мен әке олжалы болды

12:40, 13 сәуір 2024 644

«Әке, Ханторыны құтқар!»,- деген қазақы көңілімен көпке танылған бала батыр олжалы болды. Бәйге атына кішкенеден көңілі құлаған балаға кәсіпкерлер ат мінгізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Су тасқыны елді сергелдеңге салғанда бәйке аты үшін бәйек болған бала батыр ерекше қуанды. Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіннің әкесіне жылқысы «Ханторыны құтқар!» деп жалынғаны еленіп, олжалы болды.

Бейнежазбада баланың атасы көзіне жас алып, бәйгеде шабатын ат екенін, немересіне тиесілі екенін айтады. Кәсіпкерлер осы видеодан кейін әкесі мен баласын арнайы шақыртып, бұлдіршінге тосын сый жасады.

Бұл игі іске «Бәрекелді!», «Нағыз азамат», «Шүкір, осындай азаматтардың барына», «Қазаққа жаны ашитын қазақ қана», «Болатын баланың бетін қақпа, белін бу деген осындайдан шыққан шығар» деген оқырмандар да өздерінің жылы лебізін білдіріп жатыр.

Естеріңізде болса, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылында болған жағдай. 29 наурыз таңғы сағат төртте ауылды су басқан. Ауылдың үш жасар тұрғыны Бейбарыстың "Ханторы" есімді тұлпары суға кеткен. 

"5-6 атым бар еді. Соны жиенім екеуміз шығарып үлгереміз деп жанталастық. Жиенім Ханторыға мінді. Мен Құлагер атыма міндім. Тұрған жеріміз орманның арасында. Айнала қоршаған бөгет, оған келген су оңайлықпен шықпайды. Биіктігі 2,5 метрдей су келді, бірден толып қалды. Аттарды төбеге жетектейміз деп едік, бірақ суға кетті", - дейді Ханторының иесі Жалғас Төлеуішов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар