Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Стратегиялық серіктестік»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы не туралы сөйлесті?

19:00, 07 қазан 2026

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.

Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар