"Ең алдымен статистикаға қарау керек. Бізде жастар арасында әлем чемпиондары, жүлдегерлері, Азия чемпиондары бар. Олар ұлттық құраманың резерві болады. Бұдан бөлек еш жерде топ жармаса да, еңбекқорлығының арқасында болашағы зор екенін аңғартатын спортшылар бар. Қазақстанда күреспен шұғылданатын балалар көп, енді сол саннан сапа жасау керек", - деді бапкер.
Сондай-ақ, Мельниченко жаттығу процесіне қатысты да ойын айтты.
"Базалық дүниелер қалады, ал ереже үнемі өзгеріп отыратындықтан, жаттығуда да өзгерістер болатыны анық. Біліктілікті жетілдіріп отыру маңызды", - деді ол.
Бас бапкер Демеу Жадыраевтың болашағына қатысты да пікір білдіріп, оның бапкерлікке ауысқаны жөн деп отыр.