Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Стамбулда қазақстандық курьерге оқ атылды: шабуыл сәті видеоға түсіп қалған

17:06, 06 сәуір 2026

Түркияның Стамбул қаласында Қазақстан азаматы, курьер болып жұмыс істеген Ариф Исмаилов қарулы шабуыл салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, оқиға Фатих ауданындағы Балабанага шағын ауданында, Зейнеп Камиль көшесінде 16:30 шамасында болған. Белгісіз адам жәбірленушіге жақындап келіп, қару қолданып, оның басынан атқан. Ауыр жарақат алған Ариф Исмаилов оқиға орнында көз жұмған. Ал шабуыл жасаған адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Жақын маңдағы нысандардың біріндегі камера жазбасында күдіктінің жәбірленушіге жақындап, оқ атып, кейін жедел түрде қашып кеткені анық көрінеді.

Күдікті іздестірілуде

Қазіргі уақытта полиция оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын қолға алған.

Бұған дейін хабарланғандай, іс бойынша Грузия азаматтары ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Олар елден қашуға әрекеттенген кезде Эдирне қаласында қолға түскен.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар