Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО. Жолдан жегендер ұсталды

07:59, 15 ақпан 2023 300
 


Президенттің тапсырмасын іске асыру шеңберінде прокуратура органдары автожолдардың жай-күйін тексеріп, қорытындысын шығарды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бюджет қаражатын заңсыз шығару схемаларында көбінесе бір мердігер ұйымдар болған. Мысалы, осындай фирма өкілінің бірі 907 млн теңгеге Ақмола облысының Қоянды кентіндегі жолға күрделі жөндеу жүргізбеген.

Бүгінде шарт бұзылды. Өңірдегі прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудың мән-жайын анықтап жатыр.
 

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық жолдарды жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды. Жұмысты қабылдау туралы жалған актілер бойынша жолдың жоқтығына қарамастан олар миллиондаған мемлекеттік қаржыны аударған, - деп жазылған хабарламада.

 

Автожол саласында өнім жеткізушіні таңдау кезеңінде жемқорлық қаупі айтарлықтай өседі. Мәселен, аудан прокурорларының араласуынан кейін Аршалы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі учаскені күрделі жөндеу бойынша 1,1 млрд теңгеге заңсыз шарт жасасқаны үшін жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ прокурорлар негізсіз шығынның болмауына да назар аударады. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 млн-нан аса теңгені бөлдірмеді. Себебі қаражат артық бөлінген. Осыдан кейін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
 

Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 300-ден аса заңбұзушылық анықталды. 30 млрд теңге үнемделді. Мемлекет кірісіне 2,5 млрд теңге өтелді, 29 қылмыстық іс қозғалды, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазылған хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар