World Boxing Халықаралық бокс қауымдастығында маңызды өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис World Boxing ұйымының президенттігіне өз кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды.
Осы шешімнен кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин ұйымды басқаруға жалғыз үміткерге айналды.
Аптаның соңында Римде өтетін World Boxing халықаралық конгресінде делегаттар жаңа президентті сайлайды. Жаңалықты сарапшылар мен спорт қауымдастығы қызығушылықпен күтуде.