Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дене бетінің 11-30%-ын күйік шалған” - Алғабастағы жантүршігерлік өрттен аман қалғандардың қазіргі жағдайы белгілі болды

13:59, 19 қараша 2025 153

Түркістан облысындағы жантүршігерлік өрттен аман қалған үш адамның жағдайы туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Alash.kz.

Министрлік дерегіне сәйкес, 18 жастағы қыз бен ересек әйел өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал ер адам өздігінен тыныстай алғанымен, тәулік бойы дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Дәрігерлердің айтуынша, үшеуінде де күйік шогы бар, дене бетінің 11–30 пайыз аралығында күйік шалған. Қазіргі таңда барлығы аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар