АҚШ президенті Дональд Трамп журналистпен арадағы сөзталасынан кейін тағы да даудың ортасында қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сұхбат барысында журналист Трамптан: «Эпштейннің жарияланбаған файлдарында сізге қатысты келеңсіз ақпарат бардай әрекет етесіз. Неліктен?» деп сұраған.
Бұл сауал президентке жақпай, Трамп ашуға мініп, журналистке: «Тихо, тихо, торай» деп дөрекі жауап берген.
Оқиға әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу пікірталас тудырып жатыр.