Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Илон Маск, Роналду, Арабия тәж мұрагері…»: Трамп әлем жұлдыздарын бір дастарханға жинады (ВИДЕО)

13:01, 19 қараша 2025 114

АҚШ астанасында әлемдік саясат, ірі бизнес және спорт саласының өкілдері ерекше салтанатты кешке жиналды. Бұл шара Сауд Арабиясының тәж мұрагері Мұхаммед бін Салманның ресми сапарына орай Ақ үйде өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Кештің ең көп назар аударған қонақтарының бірі – Португалия құрамасы мен «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду болды. Ол бейресми шараға арнайы шақырылып, АҚШ президенті Дональд Трамптың отбасымен танысты. Президенттің айтуынша, футболшының кездесуі әсіресе 19 жастағы ұлы Бэррон Трампқа қуаныш сыйлаған.

«Бэррон мен Криштиану танысты. Қазір олар бір-бірін бұрынғыдан да қатты құрметтейтін шығар, өйткені мен оларды кездестірдім», – деді Дональд Трамп.

Салтанатты кешке жиналған құрметті қонақтар қатарында ФИФА президенті Джанни Инфантино, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Tesla және SpaceX жетекшісі Илон Маск, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Қаржы министрі Скотт Бессент, Пентагон басшысы Пит Хегсет бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар