Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда Түркі әлемінің ортақ медиа кеңістігіндегі жаңа дәуір мүмкіндіктері талқылануда (ФОТО)

20:33, 18 қараша 2025 19

Алматыда VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтіп жатыр. «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты екі күндік жиынға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Еуропа елдерінен келген мамандар, сарапшылар мен журналистер жиналды, деп хабарлайды Alash.kz.

Форумда түркі халықтарына ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, жаңа медиа трендтері, технологиялық өзгерістер және елдер арасындағы ынтымақтастық мәселелері көтерілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы

Алғашқы сөз Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызына берілді. Ол форумның басты мақсаты — кәсіби әлеуетті арттыру және ортақ ақпараттық жобалар арқылы рухани-мәдени байланысты күшейту екенін айтты.

«Өкінішке қарай, жетпіс жылдан астам үстемдік еткен кеңестік жүйенің салдарынан бүгінгі күні түркі елдері бірін-бірі толық тани бермейді… Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Түркітілдес журналистер қоры қазақ және түркі журналистерін біріктіріп, ортақ жобалар арқылы ақпараттық байланыстарды нығайтуға мүдделі», — деді ол.

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы

Нәзия Жоямергенқызы бүгінгі медианың жылдам өзгеріп жатқанын, жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың журналистика форматына түбегейлі ықпал етіп жатқанын атап өтті. 

«Сол үші ақпараттық технологиялардың дамуы бізге үлкен мүмкіндіктер ұсынып отыр… Осы мүмкіндіктерді түркі елдері арасындағы ортақ жобаларды дамытуға тиімді пайдалануымыз қажет», — деді қор басшысы.

Нәзия Жоямергенқызы Брюссельде өткен V медиа форум нәтижесінде Қазақстан, Бельгия және Нидерланд бірлесіп Дүниежүзілік Түркі медиа ассоциациясын құрғанын да айтты.

«Бүгінгі форум аясында Германияның ұйымға қосылуы күтілуде… Ең басты мақсат ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, түркі халықтарын бір-біріне жақындату болмақ», — деді ол.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті өкілі Қуаныш Игіман да форум қатысушыларын құттықтап, ақпараттық ықпалдастықтың стратегиялық маңызын атап өтті.

«Бұл форум – ортақ идеяларымызды тоғыстырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң… ортақ медиа кеңістікті дамыту тек кәсіби міндет емес, рухани және стратегиялық қажеттілік», — деді ол.

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы

Сонымен қатар, цифрлық платформалардың күшеюі мен гибридтік ақпараттық қауіптер медиадан жаңа тәсілдер талап ететінін де айтты.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Шерехан Дастан да форумның маңызын атап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Фото: Дәурен Мақсұтханұлы

«Медиа форумның жұмысына сәттілік тілеймін… тәжірибе алмасу – ақпараттық кеңістікте атқарылатын жұмыстың сапасын арттыруға және жаңа серпін беруге ықпал етеді», — деді ол.

Екі күнге созылатын форум барысында деректі фильм жасау, кәсіби байқаулар өткізу, онлайн және офлайн семинарлар ұйымдастыру сияқты жаңа жобалар талқыланады. Форум түркі әлемінің ақпараттық байланысын жаңа деңгейге шығарып, журналистер арасындағы серіктестікті күшейтеді деп күтіледі.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар