Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Менің шындығым…” - Айдана Меденова ешкім күтпеген жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

09:14, 19 қараша 2025

KeshYou тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова шығармашылыққа қайта бет бұратынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Alash.kz. 
Өнер иесі бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, тыңдармандарынан асығыс шешім қабылдап, қатты сын айтпауды өтінді.

Айдана бұған дейін дін жолына бет бұрып, сахналық мансабын тоқтатқанын жұрт жақсы біледі. Енді ол өзіне жақын музыкалық бағытта өнерін қайта жалғастырмақ.

Өнер иесі видеожазбасында былай деп жазды:

“Мен сахнаға ораламын. Өзіме, әндеріме, шығармашылығыма ораламын. Өзіме келетін, өзіме ұнайтын форматта, мүмкін ұзату тойларда, мүмкін мемлекеттік концертте өнер көрсетермін. Ешкімге асығыс шешім қабылдамаңыздар, ешкімді асығыс сынамаңыздар”, – деді әнші.

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірқатар қолданушы оның орамал тағу мәселесіне қатысты бұрынғы дау-дамайды еске алып, пікір білдірді.

Пікірлер арасында мұндай сөздер жазылған:

“Орамалын шеше ме?”, “Жеңіл тойский әншілік десеңші”, “Сүйтіп, ақша бітті десей”, “Оралады, орамалды шешеді”, – деп жазды желідегілердің кейбірі.

Айдананың сахнаға оралуы қоғамда түрлі антагонистік пікір тудырғанымен, желі қолданушыларының бір бөлігі оны қолдап, шығармашылығына сәттілік тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар