Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңа ереже!»: Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жақсы жаңалықпен бөлісті

14:57, 19 қараша 2025 120

Депутат Асхат Аймағамбетов жаңа азаматтық-құқықтық келісім ережелерін түсіндірді деп хабарлайды Alash.kz  Syrmedia.kz арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жаңа түзетулер нақты қызметкер болып жұмыс істеп жүрген адамдарды азаматтық-құқықтық келісім арқылы рәсімдеуге тыйым салады.

«Қазіргі таңда көптеген компаниялар әлеуметтік төлемдерден қашу, еңбек демалысын бермеу және жұмыскерді оңай жұмыстан шығару үшін азаматтық-құқықтық келісімді пайдаланып отыр. Егер, адам мен компания арасында еңбек қатынасының кем дегенде бір белгісі болса, мысалы, жұмыс уақытын сақтау немесе кеңседе жұмыс істеу  сияқты. Онда, азаматтық-құқықтық келісім жасауға тыйым салынады. Мұндай жағдайда тек еңбек шарты болуы керек», – деді Аймағамбетов.

Ол заңды азаматтық-құқықтық келісімге мысал да келтірді:

“Егер, суретші мектепке қабырға панносын жасап берсе, жұмыс уақытын өзі белгілесе, материалды өзі таңдаса, нәтижеге қарай ақы алса және директорға бағынбаса – бұл әділ, дұрыс азаматтық-құқықтық келісім. Ал егер хатшы 9:00–18:00 аралығында жұмыс істеп, басшының тапсырмаларын орындаса, жалақы алса, бірақ құжат жүзінде азаматтық-құқықтық келісім болса – бұл заңбұзушылық”.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар