Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Түгелдей жанып кетті. Зардап шеккендер бар” - Павлодар облысындағы оқыс оқиға туралы тың мәлімет шықты (ФОТО)

08:58, 19 қараша 2025 118

Астана–Павлодар тас жолында болған жол апаты көліктің түгелдей жанып кетуіне әкелді. Бұл туралы ақпарат Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінен белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға 18 қараша күні Пограничник ауылының маңында тіркелген. ТЖД мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кейін Chevrolet Cobalt бірнеше минуттың ішінде отқа оранған.

Құтқарушылардың хабарламасында:

«Көлік бірнеше минут ішінде отқа оранды. 101 операторының пультіне сағат 12:09-да хабарлама түсіп, Ақсу қаласы ТЖБ 10-ӨСБ өрт сөндірушілері дереу шақырту орнына жіберілді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер отты жедел сөндіріп, оның одан әрі таралуына және жарылуына жол бермеді», – деп көрсетілген.

Оқиға орнына жеткен трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жарақат алған екі адамға алғашқы көмек көрсеткен. 1981 жылы туған жүргізуші мен 1994 жылғы жолаушы Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға жолда аса сақ болуды, қозғалыс ережелері мен өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар