Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңызды! «Жалақы айырмасын жою қажет»: Асхат Аймағамбетов тың бастама көтерді

19:08, 19 қараша 2025 226

Мәжіліс депутаттары Қазақстандық және шетелдік қызметкерлер арасындағы жалақы айырмасын төмендету мәселесін талқылауға кірісті, деп хабарлайды Alash.kz. 
Көп жағдайда бірдей лауазымдағы шетелдік қызметкерлерге қазақстандық әріптестеріне қарағанда едәуір жоғары жалақы төленеді.

Депутат Асхат Аймагамбетов мәлімдегендей, бұл мәселе кәсіпорындардағы нақты жағдайларға байланысты туындайды.

«Бізде кейбір кәсіпорындар бар, онда жергілікті слесарь мен шетелдік слесарь бірдей жұмыс атқарады, бірдей лауазымда қызмет етеді, бірақ шетелдік қызметкер әлдеқайда жоғары жалақы алады. Біз дәл осы бір лауазымдағы қызметкерлер үшін жалақы айырмасын жоюды мақсат етіп отырмыз», – деді ол.

Мәжіліс депутаттары осы мәселеге байланысты нақты шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар