Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«11 мыңға жуық кандидат. Бір орынға 3 үміткер»: Мәслихаттың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

14:38, 03 қараша 2026

Қазақстанда мәслихат депутаттығына 11 мыңға жуық кандидат тіркеліп, ел бойынша сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде бастау алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметке сәйкес, бұл сайлау науқанында бір депутаттық мандатқа орта есеппен 3 үміткерден таласады. Саяси бәсеке барысында барлық кандидаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын халыққа таныстыру үшін теңдей мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалған.

Бұл үгіт-насихат науқаны 28 қараша күні сағат 24:00-ге дейін жалғасады. Белгіленген тәртіп бойынша, дауыс беру алдында заңды тыныштық күні сақталып, 29 қарашада азаматтар өз таңдауларын жасайтын болады.

«Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңдері аяқталды. Бұл - сайлау науқанының маңызды кезеңдері. Осы кезеңде саяси партиялардың партиялық тізімдері, бірмандатты сайлау округтері бойынша кандидаттар ұсынылды және тіркелді. Сайлау науқаны барысында сайлау органдары қабылдайтын барлық шешімдер ең алдымен өңірлерде, жұртшылықтың назарына жеткізіліп, тиісті ақпараттық ресурстар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл жұмысты сайлау науқанының барлық кезеңінде уақытылы, әрі жүйелі түрде жүргізу қажет», – деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар