Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден елімізде ата-аналар үшін жұмыс уақытын бір сағатқа қысқарту бастамасын ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Депутаттың пікірінше, қосымша бір сағатты баласымен өткізу – бұл ата-ананың өз баласының болашағына салатын инвестициясы болып табылады. Сонымен қатар, бұл отбасының тұрақтылығын арттырады, ата-аналарға балабақшадан уақытылы баласын алып кетуге мүмкіндік береді, баланың тәрбиесі мен денсаулығына көбірек көңіл бөлуге жол ашады.
Қарақат Әбден бұл ұсынысты бұған дейін Үкімет деңгейінде көтергенін айтады, бірақ әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.
Желідегілер мен қоғам белсенділері бұл бастаманы отбасы мен жұмыс арасындағы балансты жақсартудың маңызды қадамы деп санайды.
Өте өзекті мәселе!
Жоқ дегенде, әйелдерді жіберу керек. Үйінде бала-шағасының тамағы мен сабағына қарауға уақыттары жоқ!